Ноғайты өзенінде балық қырылды

Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгін 10 маусымда Сағыз ауылдық округі аумағындағы Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсында балықтың қырылу дерегі анықталған.

«Балық өлген жердегі су көлемі – 100 метр. Ал, өлген балық мөлшері – 150 келі. Негізінен балықтың майда шабақтары қырылған. Қазір құзырлы органдар арқылы сынамалар алынды. Өлген балық шабақтары мен судың сынамасы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалына жіберілді. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада белгілі болады», - деп хабарлады Қызылқоға ауданының әкімдігінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 2 тонна балық қырылғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды