Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

Армения президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне қайта тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Армения Конституциясына сәйкес, президент парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр етіп тағайындайды.

Бұған дейін Пашинян жаңа парламенттің алғашқы отырысы басталған күні үкіметтің отставкаға кеткенін мәлімдеген еді. Бұл – Конституцияда көзделген міндетті рәсім.

Арменияда парламент сайлауы 7 маусымда өтті. Оның қорытындысы бойынша Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы 49,75 пайыз дауыс жинап, парламенттегі 105 орынның 64-іне ие болды.