11 августа 2022 г. 18:18

Нығматулиндер – қылмыстық іс фигуранттары

Фото:

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның бауыры Ерлан Нығматулин рейдерлікке қатысты қылмыстық істің фигуранттары болып танылды. Бұл туралы адвокат Мәулен Әлімбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Елорда, NEGE. Естеріңізде болса, жуырда балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков түрмеден босады. Оны ағайынды Нығматулиндердің тепкісімен сот 21 жылға соттаған. Он жыл түрмеде отырған Қ.Сұлтанбеков Нығматулиндердің қылмыстық әрекеттерін әшкерелеген.

«Балқаштағы жағдайға келетін болсақ, екі ірі кәсіпкердің (Қ.Сұлтанбеков пен Е.Нығматулин) арасындағы мәселе қазір қылмыстық істің негізіне айналды. Істі астаналық антикордың орталық аппараты қарап жатыр. Ол 2022 жылдың сәуірінде басталған. Бұл іс бойынша Сұлтанбеков жәбірленуші болып танылды. Мәселе Нығматулин тартып алған демалыс аймағына қатысты. Істің басқа детальдарын айта алмаймын. Іс қаралып жатыр. Жедел тергеу тобы құрылды», – деді адвокат.

Тегтер: