Нигериялықтар Қазақстанда не жоғалтқан?

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жалған визамен жүрген нигериялықтар ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

Алматы, NEGE. Бүгін сағат 04.30 шамасында елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында шекара жасағы «Ыстанбұл - Нұр-Сұлтан» бағытындағы халықаралық әуе рейсімен ұшып келген 29 және 49 жастағы нигериялық екі азаматты ұстады.

«Елімізге келген шетелдік жолаушылардың мемлекеттік шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарын тексеру кезінде бұл азаматтар шекарашыларға Қазақстан Республикасының электрондық визасының көшірмелерін ұсынған. Алайда, электронды виза беру туралы мәліметтер базасында бұл азаматтарға қазақстандық виза берілгені туралы мәлімет расталмады. Санаулы минуттардың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің халықаралық әуежайдағы ресми өкіліне тиісті сауал жолданып, аталған Нигерия азаматтарына электронды визаның берілмегені, ұсынылған құжаттардың қолдан жасалғаны белгілі болды» делінген хабарламада.

Ұсталған нигериялықтардың жолы болмады. Олар келесі әуе рейсімен өз еліне депортацияланады.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ