Нигерия жағалауында мұнай кемесі жарылды

Нигерия жағалауында жергілікті Shebah E&P компаниясына тиесілі Trinity Spirit деп аталатын мұнай өндіретін кемені өрттенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы. NEGE. Әуелі жарылыс болып, артынан кемені қызыл жалын шарпыған.

"Жарылыстың себебін анықтауға қатысты тергеу жүргізілуде. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Кеме бортында 10 адам болғаны белгілі", –  деп жазылған компанияның мәлімдемесінде.

Экипаж мүшелері мен мұнай өндіру жобасының мүшелерінің хабар-ошарсыз кеткендер ретінде іздестіріліп жатыр. Ресми дерек бойынша, кеме Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатының жағалауында орналасқан.

Оның бортында шамамен 2 миллион баррель көлемінде мұнай болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр