3 апреля 2020 г. 9:38

Несиені шегеру үшін өтінішті онлайн беруге болады

Банктерге қарызды қайтару мерзімін кейінге шегерудің ережесі түсіндірілді. 

 

Алматы, NEGE. Мұндай жеңілдікке ие болу үшін азаматтар қағаз тасып, банкке бармайды. Өтінішті онлайн беруге болады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары өтінішсіз-ақ, растайтын құжаттарды ұсынбай, қосымша келісімдерге қол қоймай, негізгі борыш пен процент сомасын төлеу уақытын кейінге қалдыра алады.

Ал басқалары себептерін түсіндіруі тиіс. Айталық, карантин кезінде жұмыс істемейтіндер, ақысыз еңбек демалысында жүргендер, жұмыстан шыққандар, жалақысы яки өзге де кірістері кеміген азаматтар себептерін көрсетіп, өтініш жазуы тиіс. Бұл екінші деңгейлі банктер, шағын қаржы ұйымдары, ломбардтар мен онлайн-несиелеу компаниялары берген қаражаттар. Президенттің тапсырмасынан соң қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен дамыту агенттігі осындай ереже бекітті. Бұдан бөлек, алдағы уақытта кәсіпкерлердің бизнесін қолдау үшін берілетін несие көлемі де айтылды.

Тегтер: