Несие беру тәртібі өзгерді

Қаржы реттеушісі Шағын несие ұйымдарының жұмысына жаңа тәртіп енгізді.

Алматы, NEGE. Енді қаржылық ұйым мен клиент арасындағы сотқа дейінгі реттеу процедурасы қолға алынады.

«Микроқаржылық ұйым ендігі кезекте төленетін несие мерзімі өтіп бара жатқанын 15 күн бұрын құлақтандыруға міндеттеледі. Қарыз алушы ұйымға келіп 30 күнтізбелік күн ішінде төленбеген несиесін реттеуге өтінім бере алады», – деді Қаржылық нарықты дамыту және реттеу агенттігінен.

Қарыз алушыдан жауап болмаған жағдайда шағын несие ұйымы борышкерден нотариустың атқару жазбасымен борышты өндіруге құқылы.

Жаңа өзгерістер несиені рәсімдеуді жеңілдетті.

Енді рәсімдеу кезінде несиені төлеу графигінде қосымша ақпарат жарияланатын болады. Жаңа ережелерге сәйкес, келісімшарттың титулды бетінде келісім шарт уақыты, шағын несие сомасы, пайыздық мөлшерлемесі, тағы басқа шарттары жазылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған