Непалдағы ұшақ апаты: Жолаушылардың бірі ұшақ құлаған сәтті видеоға түсіріп отырған

Жан түршігерлік кадрларды Үндістан азаматы Сону Джайсвал тікелей эфирде түсіріп отырған.

Алматы, NEGE. Ол өзінің әлеуметтік желідегі оқырмандарына ұшақтың қонған сәтін көрсетпек болған екен. 

Ол ұшақтың құлар алдындағы соңғы секундтарын түсіріп үлгерген. Бұл кезде ұшақ қонбақ болады. Алайда белгісіз себептермен кенеттен құлаған.