Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

Непал мен Қытай шекарасындағы апаттан кейін үш қазақстандық турист іздестіріліп жатыр.

Видеодан кадр/dw.com

Астана, NEGE. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

«Қазақстаннан барған үшінші туристің Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен жұмыс істеп жатыр. Отандастарымызды іздеу жалғасуда», – делінген СІМ хабарламасында.

Осылайша, қазір үш қазақстандық турист іздестіріліп жатыр.

Непал полициясының сенбі күні таңертең жариялаған мәліметіне сәйкес, жойқын су тасқынынан қаза тапқандар саны 616 адамға жетті. Бұған дейін 538 адамның қаза болғаны хабарланған.

Тағы 2301 адам құтқарылып, қазір ем қабылдап жатыр.

Непал мен Қытай шекарасының екі жағында да шамамен 2,5 мың адам әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.