Немістерге не көрінді?

Германияда биліктің үйде отыру туралы өтінішіне қарамастан мыңдаған тұрғын жаппай тау-шаңғы курорттарына лап қойды. Салдарынан Винтенберг қаласының төңірегіндегі жолдарда ұзын сонар кептеліс пайда болған.

Алматы, NEGE. Полицейлер демалушылардың көбі сақтық ережелеріне салғырт қарайтынын айтады. Мәселен, бетперде кимейді. Арақашықтық сақталмайды. Жалпы мұнда кейінгі күндері карантин талаптарын бұзудың 250-ден аса дерегі тіркелген. Енді Германия билігі 10 қаңтарда аяқталуға тиіс жалпыұлттық локдаунды тағы ұзартуы мүмкін.

Себастьян Хельд, полиция өкілі:

– Өкінішке қарай, тұрғындар тау-шаңғы курортына бармау туралы ескертуді елемегінін көріп отырмыз. Бұл ретте билік өкілдерімен ақылдаса келіп, жолдарды жабу шешімін қабылдадық. Сонда бір жерде көп адам жинала алмайтын болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?