Неміс фермерлері наразылық танытты
Берлинде неміс фермерлер наразылық танытып, ауылшаруашылық министрлігінің алдына барды. Олар министрлік алдына бөшке толы бал апарып, химиялық әсерден бұзылған өнімдерін шенеуніктер жүретін жолға төкті.
Алматы, NEGE. Фермерлер сол жерде табиғи ортаның тазалығын сақтайтын мықты заң шығара алмағаны үшін канцлер Ангела Меркельдің үкіметін айыптап, Германияның Жоғарғы сотына шағым түсірді және жұма күні Берлинде өтетін ауылшаруашылығының үлкен жәрмеңкесінде тағы да наразылық акцияларын ұйымдастыратынын мәлімдеді.