28 июля 2022 г. 11:51

Неймар сотталуы мүмкін

Фото:

ПСЖ командасының шабуылшысы Неймар сот алдында жауап береді. Футболшы жемқорлық ісіне қатысты бар болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE.  Сот ісі Барселонада 17 қазанда басталады. Неймар және тағы бес адам оның "Барселонамен" келісімшарты бойынша айыпталып отыр. 

Неймардың ата-анасы және каиалондық клубтың президенттері болған Сандро Росель мен Хосеп Мария Бартомеу де жауапқа тартылады.

Бұл сот ісіне DIS компаниясы мұрындық болып отыр. Неймар "Сантоста" ойнап жүргенде футболшыға құқықтың 40 пайызы осы компанияға тиесілі болған. Компания өкілдері футболшы мен оның туыстары компанияны алдады деп 150 миллион өтемақы талап етті. 

Прокуратура Неймарды екі жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, ал DIS бес жылға соттауды талап етуде. 

Тегтер: