Неймар Бразилияның үздік сұрмергені атанды

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Боливиямен өткен матчта қос голдың авторы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Неймар ұлттық құрама сапында соққан гол санын 79-ға жеткізіп, бұл көрсеткіш жөнінен атақты «футбол королі» Пелені (оның есебінде 77 доп бар) басып озып, Бразилияның үздік сұрмергені атанды.

Аталған ойында Бразилия Боливияны 5:1 есебімен ойсырата ұтты. 17-минутта Неймар 11 метрлік айып добынан мүлт кетті. Дегенмен 24-минутта Родриго есеп ашса, екінші тайм басында Рафинья 2:0-ге жеткізді. Содан кейін Родриго көзге түссе, 61-минутта Неймар мергендік танытты. 78-минутта Боливиядан Виктор Абрего жауап қайырғанымен, Неймар қосымша уақытта матч нүктесін қойды.

Биылғы жазда Неймар саудиялық «Аль-Хиляль» клубына алынған болатын. Өткен маусымда Франция чемпионатында «ПСЖ» намысын қорғап, 13 гол, 11 нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ 31 жастағы шабуылшының 2013-2017 жылдары «Барселона» құрамында доп тепкені белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың спорт жолындағы 850-інші голын соққанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты