Салық аптасы теңгені НЕГЕ төрге шығарды?
Өткен апта қаржы нарығының TONIA (Tenge OverNight Index Average) ставкасын жылдық 10,06 пайызға апарып тіреді. Қарашаның 18-інен басталған салық аптасы Қазақстан қор биржасында теңгеге қатысты ажиотажды күшейтерін сарапшылар алдын-ала болжаған болатын.
Алматы, NEGE. Бірақ біркүндік репоның (құнды қағазды кепілге қоя отырып теңгемен бір күнге қарыз беру) көлемі 317 миллиард теңгені құрарын ешкім дөп басып айта алмаған. Бұл өткен жылғы күзден бері жаңарып отырған алғашқы рекорд.
Хош делік. Өсті. Бірақ салық аптасы біткеннен кейін теңге қайта құлдырауы тиіс қой? Құлдырау шегінің қаншалықты екені желтоқсанның алғашқы онкүндігінде ғана белгілі болмақ. Бүгін салық аптасы бітті. Енді KASEдегі нарықтар орнына келіп, TONIA ставкасы түседі деп күтілуде. Ұлттық Банк құлдырауды еркін айырбастау бағамына уақытша килігу арқылы тоқтата алады. Бірақ Ұлттық Банктің осы килігулері соңғы кездері нарық сарапшылары тарапынан көптеген сынға ұшырап жүргенін ескерсек, қаржы бақылаушысы ол тетігін бірден қоса қоймасы анық.
Nege.kz экономикалық сарапшылар тобы