Назима Жәнібекова желіде сырын ашты

Ресейдегі танымал музыкалық  орталықтардың  бірінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық әнші Назима Жәнібекова алғаш рет әлеуметтік желі арқылы жеке өміріне қатысты сұрақтарға нүкте қойды.

Алматы, NEGE. Бүгінге дейін жеке өміріне қатысты  қойылған сауалдарға  жауап бермейтін Назима бұл жолы ағынан жарылды.

«Менің жеке өміріме қызығушылық білдірушілер өте көп. Бірақ бұл тақырып аясында тек бір нәрсе ғана айта аламын. Мен «өзіме шақ келмейтін  өлшемдегі шалбар кигенше» жалғыз жүргенім артық. Мұны нақты сезініп,  ұғыну үшін маған 29 жыл уақыт кетті. Бұл әлемде маған арналған адамның барына сенемін», - деген өнер иесі көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға жазба арқылы жауап берді. Әрине, әншінің жеке өмірін меңзеп тұрғанын түсіну қиын емес. Қалай десек те Назима қызының әкесінің қайтып келерінен күдерін үзсе керек.

Өз кезегінде оқырмандар әншіге қолдау көрсетіп, оның алдағы өмірде бақытты болуына тілектес екендерін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?