10 ноября 2022 г. 8:57
Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды.
Алматы, NEGE. 50 келіге дейінгі салмақта ол жапониялық Намики Цукимимен
Жекпе-жек 4:1 есебімен жапон боксшысының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қызайбай құрлық біріншілігінің қола жүлдесін қанағат тұтты.
Еске салайық, Қызайбай әлем (2014, 2016) және Азия чемпионатында (2021) жеңіске жеткен болатын.