Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын сәтті қорғап келеді.

Жартылай финалда Қызайбай солтүстіккореялық Хон Кён Рёнды жеңді.

Осылайша, Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева да финалға шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?