Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті

Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты.

gov.kz

Алматы, NEGE. Төрешілер есебі: 4-1.

Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды.

Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?