14 сентября 2025 г. 16:04
Назым Қызайбай – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!
Әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Алматы, NEGE. Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді.
Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен үшінші раундта төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.