Назым Қызайбай әлем бойынша үздік ондыққа енді

BoxRec порталы жариялаған рейтинг бойынша бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлемдегі үздік он әуесқой боксшының қатарына енді.

olympic.kz

Астана, NEGE. Жаңартылған pound-for-pound рейтингінде Назым Қызайбай жетінші орынды иеленіп, еліміз бойынша үздік ондықтағы жалғыз өкіл атанды, деп жазады Vesti.kz.

Рейтингті қытайлық У Ю бастап тұрса, екінші орында ирландиялық Келли Харрингтон тұр. Ал үшінші орынға Солтүстік Корея өкілі Пан Чхоль Ми жайғасқан.

Бұған қоса, әлемдегі ең мықты 50 әуесқой боксшының қатарына Қазақстанның тағы төрт спортшысы енді. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова 11-орыннан, Аида Әбікеева 20-орыннан, Виктория Графеева 22-орыннан, Наталья Богданова 35-орыннан көрінді.

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады