14 октября 2024 г. 11:26

Назгүл Маратова дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленді

Фото: ҰОК

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Назгүл Маратова Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam сериясы турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Спортшы 78 келіден жоғары салмақта қола жүлдеге ие болды.

Үшінші орынға таласта ол үш мәрте ескерту алған ресейлік Анастасия Холодилинадан мықтырақ болып шықты.

Айта кетелік, қазақстандық дзюдошы Карина Такиева да «қола» үшін таласқан еді. Алайда ол хорватиялық Хелене Вуковичке есе жіберді.