16 сентября 2022 г. 15:41
Назарбаевтың жұма намазын оқуға келген суреті жарияланды
Нұрсұлтан Назарбаевтың жұма намазына қатысқан суретін Айдос Үкібай әлеуметтік желіде жариялады.
Алматы, NEGE. "Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін елорданың Бас мешітіне барды. Сапар барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мәртебелі қонағы, әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебті қарсы алды" - деп жазды Айдос Үкібай.