«Назарбаевтың тоқалынан туған ұл үйленді» – желіде осындай ақпар тарады (видео)
Әлеуметтік желіде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Әсел Исабаеваның некесінен туған Тауман есімді 18 жасар жігіттің үйленгені туралы ақпар көпшіліктің талқысына түсуде.
Алматы, NEGE. Видеодағы жазбаға сүйенсек, кіші Назарбаевтың таңдауы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Анадель атты қызына түскен.
«Тауман Нұрсұлтанұлы Назарбаевтың бейресми үшінші некесінен туған. Ал Әсел Исабаева оған Тауманнан өзге Байкен атты тағы бір ұл сыйлаған. Астаналықтар Тауманның сүйіктісімен неке қидырғанын біраздан бері айтып жүр»–делінген бейнежазбада.
Назарбаев туралы айту артық болар. Ал Әсел Исабаеваны таныстырып өтсек, 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Қазақстан аруы» конкурсының жеңімпазы болған.