Назарбаевтың жиен немересі Кипр азаматтығын алғысы келген

Назарбаевтың жиен немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың ұлы Алтай Асқар Кипр азаматтығын алу үшін өтініш бергендердің қатарынан табылды. Бұл туралы «Выход к морю» Telegram-арнасы хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Өтініш 2019 жылы «инвестиция үшін азаматтық» бағдарламасы жабылардан бірнеше ай бұрын тапсырылған.

Азаматтық сұрағаны туралы дерек жергілікті мемлекеттік басылымдардың бірінде жарияланған. Төлқұжаттың ресми түрде берілгені жайлы ақпарат жоқ. Алайда сол кезеңде Кипр билігі ауқатты инвесторлардың өтініштерінің басым көпшілігін мақұлдағаны айтылды.

Автордың есебінше, Құлыбаевтардың ұлы үшін Кипр азаматтығы шамамен 1 млрд теңгеге түсуі мүмкін.

Қазақстан заңнамасы қос азаматтыққа жол бермейді. Сонымен бірге Алтай Асқардың Швейцарияда резиденттік мәртебесі бар екені белгілі. Ол әкесінің серіктесі Бахаридин Әблазымовпен бірге Ескендір Рахманбердиев негізін қалаған американдық ORBI стартапына инвестиция салған кезде бұл елді өзінің тұрақты тұратын жері ретінде көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті