Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші жұбайы Әсел Исабаева Астанада өткен Kazakhstan Fashion Week сән апталығында көпшіліктің назарына ілікті. Іс-шарадан түсірілген фотосуреттер әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.

instagram.com/aliya_yussupova15

 Астана, NEGE. Әлеуметтік желілерде тараған фотосуреттерден оның сән көрсетіліміне қонақ ретінде шақырылғанын байқауға болады. Кадрларды Instagram парақшасында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бапкер Әлия Юсупова жариялаған.

Сондай-ақ Threads желісінде де Исабаеваның елордалық сән әлемі өкілдерімен бірге түскен суреттері тарады.

Әлеуметтік желіден

Бұл – Әсел Исабаеваның соңғы уақытта медиа кеңістікке екінші рет шығуы. Бұған дейін наурыз айында фотограф Мирас Баянов оның жаңа фотосессиясын жариялаған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев 2023 жылы жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарында Әсел Исабаеваны екінші жұбайы ретінде алғаш рет ресми түрде атап өткен. Сондай-ақ олардың Тауман және Бәйкен есімді екі ұлы бар екенін жазған.