Назарбаевтың мүсіні мұражайдың қоймасында жатыр

Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз мүсіні мұражай қорының қоймасына шығарылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz».

AidoStudio / YouTube

Алматы, NEGE. Астанадағы Ерлік даңқы мұражайында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз мүсінінің орнына КСРО Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың балауыз мүсіні қойылды.

Журналистер мұражайдың әкімшілігінен Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні неге алынғанын, қазір қайда сақталатынын сұрады.

Мұражайдың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні С. Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына байланысты алынған.

Экс-президенттің мүсіні музей қорына тапсырылған. Ол музей экспонаттарына арналған қарапайым әдіспен сақталады, арнайы талаптар жоқ. Сонымен қатар, мүсіннің қайта жаңартылмайтыны белгілі болды.

Айта кетерлігі, мұражай экспозициясынан тек Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз мүсіні ғана алынған. Оның ескерткіші әлі де өз орнында тұр. Мұражай кіреберісінде Қазақстан Қарулы Күштерінің үш түрін бейнелейтін ауқымды композиция қойылған. Инсталляцияның ортасында әлі де әскери киім киген Назарбаевтың металл мүсіні бар.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік Әскери-тарихи мұражайы 2015 жылы ашылды. Ашылу салтанатына мұражайды құруға бастамашы болған Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Кейін мұражай Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басқаруына берілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Оскар–2026: марапат иегерлері анықталды