Назарбаевтың бұрынғы «резиденциясы» сатылады

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы «резиденциясы» мен бұрынғы әкім Даниал Ахметовтың үйі аукционға қойылды.

e-auction.gosreestr.kz

Алматы, NEGE. «Екі қабатты профилактория ғимараты, жалпы ауданы 3179,9 ш.м; бастапқы бағасы – 1 115 893 000 теңге», - делінген электронды аукционның сайтында.

Ғимарат Өскемен қаласында Үлбі өзенінің бойында орналасқан. Әкімдік бұл ғимаратты сол жағалаудағы профилактория деп атайды.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Ол жерде кезінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев демалатын болған, кейін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов тұрған.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Бұрынғы «резиденцияны» мейрамханасы, бассейні, спорт алаңдары, конференц-залдары, қонақ үйі мен сауда павильондары бар туристік орталыққа айналдыру көзделген.

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Аукцион 3 шілдеде 1 115 893 000 теңге бағамен басталады.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады