Назарбаевты тағы да Нобель сыйлығына ұсынды
«Наше поколение» деп аталатын өскемендік әлдебір ұйым Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынды. Ustinka.kz сайтының хабарлауынша, бұл жолғы бастамашылар – Өскемен қаласының зейнеткерлері.
Алматы, NEGE. Қоғамдық ұйым төрағасы Марина Соловьева былай дейді: «Біз бұл шешімді бір ауыздан қолдадық. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да бізге қолдау танытты. Семей ядролық полигонын жауып, бейбітшілік жөнінде бастамалар көтеріп жүргені үшін біздің Тұңғыш Президентімізді қолдайтын барлығыңыз бізге қосылыңыздар. Қазақстанның тұңғыш президеті елдің дамуына барын салды және шынайы нәтижеге жетті. Бұдан бөлек, ол әлемдік дамуға да үлесін қосты. Жапонияның парламенті Назарбаев президент болып жүргенде қарусыздануға зор еңбек сіңіргенін жақсы біледі. Сондықтан мен және менің әріптестерім, жапон саясаткерлері айтқандай, бейбітшілік үшін күрескен ұлы адамға – Қазақстанның тұңғыш президентіне Нобель сыйлығын беру туралы ұсыныс айтамыз».
Түрлі ұйымдар Нұрсұлтан Назарбаевты осымен сегізінші рет Нобель сыйлығына ұсынып отыр.