Назарбаев Ж.Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты

Назарбаев даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Алматы, NEGE. Нұрсұлтан Назарбаев Ж.Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен атқарған істері өзінің есіміне сай, жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтті. 

«Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті. Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», - делінген жеделхатта. 

Қазір оқып жатыр

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді