Назарбаев университетінің басшылығы ауысты

Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) шешімімен NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды, деп жазды stan.kz.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, ҚК шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:

Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын "Абай атындағы ҚазҰПУ" КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" вице-президенті қызметтерін атқарған.

Шоланов Ерлан, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, "Нархоз университеті" КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.

Уәлиева Әсел, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

NU академиялық еркіндік, меритократия, транспаренттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстануды жалғастырады.

NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді.

 

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады