«Назарбаев Университеті» басқыншыларды қолдай ма?

Бүгін НЕХабар телеграм-каналында «Назарбаев Университеті» ғимаратының кіре беріс есіктерінің бірінде «Za наших» деген жазу ілініп тұрған фото жарияланды.

Алматы, NEGE. Естеріңізге салайық, «Z» және «V» әріптері Ресейдің Украинада соғысып жүрген әскери техникаларына жазылған. Бұл соғысты Кремль «әскери операция» деп атайды. 

«Назарбаев Университеті» бұған дейін де дауға қалған. Бұл туралы порталымызда егжей-тегжейлі жазылған. Ал енді бұл жолғы «басқыншыларға қолдау көрсету әрекетін» университет басшылығы қалай түсіндіріп беретіні әзірге белгісіз.