Назарбаев Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
Алматы, NEGE. Түркістан қаласынан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай етіп салынған.