Назарбаев туралы жаңа фильмнің трейлері шықты (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев туралы 'Штрихи к портрету. Лидер' атты жаңа деректі фильмнің трейлері шықты. Видеоны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады.

Алматы, NEGE. "1 шілдеде сағат 21.30-да "Хабар" телеарнасының эфирінде "Штрихи к портрету. Лидер" атты фильмнің көрсетілімі өтеді. Бұл Елбасы мен журналист Айгүл Әділованың Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған деректі жобасының жалғасы", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.