Назарбаев Теміртау шахталарындағы қызметкерлердің өлімі үшін жауапкершілік арқалай ма?

Кәсіпорынды тиынға сатып, жылдар бойы қызметкерлердің өліміне көз жұмып келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершілік арқалай ма?

Алматы, NEGE. Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова осы сұраққа жауап берді. 

«Ауыспалы кезең өте ауыр болды. Экономикалық байланыстардың бәрі үзіліп, жұмыс орындарын, кәсіпорынды сақтау проблемаға айналды. Қазір де сондай мәселе қойылып отыр. Біздің жағдайда қазір кәсіпорын әлем экономикасына интеграцияланған. Ол кезде бүкіл байланысты үзген едік. Сондықтан ол кезде де шетелдік инвесторды тартып, кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ету керек болды. Қазір ол кезде дұрыс шешім қабылданды немесе теріс шешім қабылданды деп айта алмайтын шығармыз. Ең бастысы қазір ол кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Енді әрі қарай жұмыс істей беруі керек», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады