Назарбаев Путинмен жеке әңгімелеседі

Санкт-Петербургте Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуі басталды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында мәлімдеді. Келіссөздер туралы толық ақпарат Elbasy.kz сайтында жарияланады.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барғаны хабарланған болатын.