Назарбаев: Партияны Президент басқаруы керек

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Nur Otan партиясының төрағалығын өткізіп берді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды: «Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны президент басқаруы керек екенін атап өтіп, Nur Otan партиясының төрағалығын өткізіп беретінін айтты.Өкілеттікті өткізіп беру процедурасы партия жарғысына сәйкес жүргізіледі».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2007 жылдан бері Nur Otan партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде