Назарбаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірін алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейін жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібінің қазіргі аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесін талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті