Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жеке сапары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

– Ол шынымен Мәскеуге келді және президентпен жеке кездесу өткізді, біз бұл ақпаратты растаймыз, – деді Кремльдің өкілі.

Песков кездесуде не айтылғанын хабарлаудан бас тартып, әңгіме жеке келіссөздер туралы болып жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді