Назарбаев Мәсімовке қатысты пікір білдірді

Кезектен президент сайлауында дауыс берген Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрағына жауап беріп, Кәсім Мәсімов жайлы айтты, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы, NEGE. «Мені де қатты қызықтырады, мен де сот пен тергеудің аяқталғанын күтіп отырмын және мұның артында кім тұрғанын білгім келеді. Мәсімов ұзақ жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеді, бірақ қайдан білесің. Иса да жанындағы Иуданың сатқын екенін білмеген. Біз Құдай емеспіз ғой, сондықтан соттың аяқталуын күтеміз», – деді ол.