Назарбаев Қауіпсіздік кеңесіне жаңа адамдарды тағайындады

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде жаңа бөлім меңгерушілерін тағайындады, - деп хабарлайды elbasy.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен:

Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;

Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.