Назарбаев әуежайында CIP-зал ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жаңа CIP-залдың ашылуы өтті.

Алматы, NEGE. «Жолаушылар жайлы CIP-залда халықаралық немесе ішкі рейстерге тіркелу, ұшып келу, ұшып кетумен байланысты өзге де бірегей қызметтер ала алады. CIP-зал өкілі жолаушыларды ұшақ трапынан күтіп алып, арнайы бөлінген көлікпен жайлы CIP-залға ертіп апарады. Жолаушылар төлқұжат және кедендік бақылаудан өтіп, әуежай қызметкері жүгін әкеп бергенге дейін CIP-залда күтіп отырады», - деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

CIP-зал агенттері жолаушыларды тіркеп, оларға кедендік және төлқұжат бақылауынан өтуіне де көмек береді. CIP-жолаушылары ұшаққа отыру және жүгін алу кезінде үнемі басымдыққа ие болады. Мұндай қызметті жеке және заңды тұлғалар қолма қол ақша төлеу немесе банк картасымен есеп айырысу арқылы алады.

CIP-залды пайдалануға ниет танытқан кез келген азамат елорда әуежайына ұшып келгенде немесе ұшып кетерде алдын ала төлем жасамай-ақ CIP-зал кассасында төлем жасауға мүмкіндігі бар.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады