Назарбаев «Алғыс» орденімен марапатталды

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Алғыс» орденін табыс етіп, Елбасының еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

«Сіз Қазақстанның өркендеуі жолында көп шаруа атқардыңыз. Ең бастысы – дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім. Бұл – халыққа жайлы, берекелі және жақсы өмір сүруге, мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қос тірегіміз. Қалың көпшіліктің атынан Сізге зор алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бар ғұмырыңызды туған жерге қызмет етуге арнадыңыз», - деді Астана және Қазақстан митрополиті.

Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрға дінаралық және этносаралық татулық пен келісімді сақтау ісіне сіңірген еңбегіне жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз толеранттылықты, барлық этностар және діни конфессиялар достығы мен сенімін нығайту саясатын ұстандық. Бірлік пен достық – тұрақтылық пен дамудың кепілі», - деді Қазастанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы православ христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?