18 июня 2025 г. 18:02

Назарбаев университеті жатақханада студент қыздың қайтыс болғанын растады

Фото: Назарбаев университеті

Назарбаев университеті NEGE редакциясына студент қыздың жатақханада қайтыс болғанын растады.

Алматы, NEGE. Nazarbayev University басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтты.

«NU жатақханаларының бірінде студентіміздің қаза тапқанын хабарлаймыз. Біз ауыр қайғымен бөлісіп, оның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі таңда жағдай бақылауда: барлық қажетті жедел шаралар қабылданып жатыр, құқық қорғау органдары мен психологтар жұмыс істеп жатыр», – делінген университеттің мәлімдемесінде.

Университет оқиғаның мән-жайы мен себептері туралы жалған ақпарат таратып, алып-қашпа әңгімелер таратпауға шақырды.

«Баршаңызды марқұмның отбасы мен жақындарына құрметпен қарауға шақырамыз», – деп түйіндеді NU.

Қазіргі таңда университет тарапынан материалдық және моральдық қолдау көрсетіліп жатыр.