Назарбаев тағы да КТК арнасынан дивиденд алмайтын болды

Коммерциялық телевизиялық арна (КТК) акционерлері 2025 жылғы таза табысты бөлмеу туралы шешім қабылдады. Бұған компанияның шығынға батуы себеп болып отыр.

commons.wikimedia.org

Астана, NEGE. Қаржылық есептілік депозитарийі порталында жарияланған мәліметке қарағанда, 2025 қаржы жылының қорытындысы бойынша компания шығынға ұшыраған.

Компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу толықтай тоқтатылды. Мұндай төлемдер 2022, 2023 және 2024 жылдары да жүргізілмеген.

Бұған қоса Директорлар кеңесінің мүшелеріне, бас директорға және басқарушыларға да сыйақы төленбеген.

Төлемдер тек артықшылығы бар акциялар бойынша ғана жүргізілетіні атап өтілген. Оның өзі өткен жылдары қалыптастырылған қор есебінен төленбек. Төлемдер 2026 жылғы 10 маусымнан басталып, бір акцияға 100 теңге мөлшерінде белгіленеді. Компания жарғысына сәйкес, КТК-да барлығы 500 артықшылықты акция бар. Осылайша, олар бойынша төлемдердің жалпы көлемі небәрі 50 мың теңге болады.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев қоры КТК арнасының ірі акционері болып саналады.