Назарбаев пен Путин Ново-Огарево қаласында кездесті

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. 

Кремль

Алматы, NEGE. Бұл кездесу туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Владимир Путин Ново-Огарево қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», - делінген хабарламада.

Кездесу туралы басқа мәліметтер хабарланған жоқ.