Навальныйды жерлеу рәсіміне қатысқан епископ иноагент атанды

Ресей Әділет министрлігінің 19 шілдедегі бұйрығына сәйкес, Евгений Киссин, Григорий Михнов-Вайтенко, Дмитрий Цибирев, сондай-ақ Юрий Швец шетелдік агенттер тізіміне енгізілді. 

ашық дереккөзден

 Алматы, NEGE.  Бұл туралы  Ulysmedia.kz хабарлады. Министрлік ақпаратына сүйенсек, Е.Киссин – Украинадағы арнайы әскери операцияға қарсы болғандардың бірі, Украина Қарулы Күштерін қолдауға қаражат жинау шараларына қатысқан. Оның ішінде өзінің гастрольдік сапары барысында біраз қаржы жинаған. Сондай-ақ Украина Қарулы Күштеріне қаражат аударған екен.

Епископ Г.Михнов-Вайтенко шетел агенттерінің хабарламалары мен материалдарын көпшілікке таратумен айналысқан. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен олар жүргізіп отырған саясат туралы жалған ақпарат таратқан.

Ал Д.Цибирев – Навальныйдың Саратовтағы штабының бұрынғы басшысы. Ол елді рұқсат етілмеген митингілер мен пикеттерге қатысуға шақырып, Украинадағы арнайы әскери операцияға қарсылық білдірген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер және олардың жүргізіп отырған саясаты туралы жалған ақпарат таратқан, шетелдік агенттердің хабарламалары мен материалдарын жасауға және таратуға да қатысқан.

Ю.Швец – бұрынғы кеңестік барлау офицері, ТАСС тілшісі, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қаралап, оған қарсы YouTube-те блог жүргізеді. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер және олар жүргізіп отырған саясат туралы жалған ақпарат, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің теріс имиджін қалыптастыруға бағытталған жалған ақпарат таратқан.

Сонымен қатар Ресей Әділет министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Правовая инициатива» қоры коммерциялық емес ұйымы таратылуына байланысты тізімнен шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Арыста ағайындыларды он шақты жігіт соққыға жыққан: туыстары әділ жаза талап етеді

«Арандату болған, басы жарылған»: Әсет Матаевтың адвокаты мәлімдеме жасады

Кенжеғұл Сейітжан премьер-министрге өкпелі

Талғардағы кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды