Навальный неден уланды?
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный уланып, ауруханаға түсті. Дәрігерлердің пайымдауынша, ол натрий оксибутиратынан улануы мүмкін. Бұл туралы
Baza Телеграм арнасы хабарлады.
Алматы, NEGE. Бұл удың түсі де, иісі де болмайды екен. Сондықтан оны Навалныйдың шайына қосып жіберуі әбден мүмкін.
Естеріңізге салайық, Томскіден Мәскеуге ұшып келе жатқанда Навальныйдың жағдайы нашарлаған. Ұшақты шұғыл түрде Омскі әуежайына қондырып, оны ауруханаға жеткізген. Қазір оппозиционер жансақтау бөлімінде жатыр.