Навальный колонияға жөнелтілді
Ресейлік оппозиция жетекшісі әрі блогер Алексей Навальный тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы РИА Новости Федералды қылмыстық-атқару қызметінің бастығы Александр Калашников мәлімдегенін хабарлады.
Ол сот шешімімен белгіленген орынға аударылды. Барлығы заң мен қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылды, – деді ол. Калашников оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп-қатердің жоқтығына кепілдік беретінін баса айтты.
Ол абсолютті қалыпты жағдайда қамауда ұсталатын болады, – деді ол. Ақпан айының басында Навальный Ив Рошер ісі бойынша тағайындалған жазасы шарттыдан нақтыға ауыстырылды, оған 2 жыл 8 ай мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалды.