Наурызда нарыққа арзан iPhone шығады

Apple бағасы қолжетімді жаңа iPhone смартфонын шығармақшы. Bloomberg агенттігінің дереккөзі  технологиялық алпауыт жаңа өнімді құрастыруды ақпан айында бастауды көздейтінін хабарлаған.

Apple арзан самртфонын наурыз айында сата бастайды деген ақпарат бар

Алматы, NEGE. 2020 жылдың алғашқы тоқсанында  iPhone SE 2 арзан телефоны сатуға шығатыны туралы сыбыс былтыр шыққан. Бұл жөнінде Apple өнімдеріне қатысты болжамдары дәл келетін сарапшы Мин-Чи Куо да хабарлаған.

 Куо да, Bloomberg те, бұған дейін  iPhone SE 2 моделі  iPhone 8-ге ұқсайды, сәйкесінше экранының көлемі 4,7-дюймге жетеді деп отыр. Жаңа смартфонға iPhone 11-дегідей Apple A13 чипі орнатылып, 3 Гбайт жедел жадыға ие болады деген болжам бар.  

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін