Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде.

Шымкент, NEGE. Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылды.

Құрылыс жұмысы толығымен биылғы жылдың қараша айында аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылатын болады.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді